«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары

туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 01-21 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

ШЕШТІМ:

  1. «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы»;

аталған шешімнің 1-қосымшада:

№ 52 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 52 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 92 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,                        А351 көшесі, № 3)

Шекарасы: Р. Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылының тақ сандар жағымен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін, Ж. Нәжімеденов көшесінің тақ сандар жағымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін, Ш. Қалдаяқов көшесінің тақ сандар жағымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасы бойымен            Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының жұп сандар жағымен, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі № 9 үйді және Р. Қошқарбаев даңғылындағы № 10 үйлерді қоспағанда, Тәуелсіздік даңғылына дейін.»;  

№ 60 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 60 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 73 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,              № А-191 көшесі, № 2)

Шекарасы: Тәуелсіздік даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесінің жұп сандар жағымен, А82 көшеге дейін, А82 көшесінің бойымен Есіл өзенінің жағалауына дейін, Есіл өзенінің жағалауымен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылының жұп сандар жағымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін.»;

№ 330 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 330 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 91 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,  А. Храпатый көшесі, № 10)

Шекарасы: Ш. Қалдаяқов көшесінің № 1, 2, 2/1, 2/2, 4, 4/1, 4/2, 6 үйлері, Ә. Тыныбаев көшесінің № 1, 1/1, 2, 3, 4, 5, 6, 6/1 үйлері»;

мынадай мазмұндағы № 414 сайлау учаскесімен толықтырылсын:

«№ 414 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 91 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,  А. Храпатый көшесі, № 10)

Шекарасы: Ә. Тыныбаев көшесі, № 5, 7 үйлер, А. Храпатый көшесі, № 3, 5, 5/1, 5/2, 7, 7/1, 9, 11, 11/1, 12, 13, 14, 15, 15/1, 17, 17/1, 19, 21, 21/1, 21/2, 23, 25, 25/1, 25/2 үйлер, И. Панфилов көшесі, № 1, 1/2, 3/1, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 үйлер.»;

аталған шешімнің 2-қосымшада:

№ 66 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 66 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 3 көпбейінді қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Абай даңғылы, № 47)

Шекарасы: М. Ғабдуллин көшесінен бастап Абай даңғылының жұп сандар жағымен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін, Ш. Уәлиханов көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесі бойынша № 57/1, 61, 61/1, 63 үйлерді қоспағанда,  Ш. Иманбаева көшесіне дейін, Ш. Иманбаева көшесінің жұп сандар жағымен Отырар көшесіне дейін, Отырар көшесінің тақ сандар жағымен М. Ғабдуллин көшесіне дейін, М. Ғабдуллин көшесінің жұп сандар жағымен Абай даңғылына дейін.»;

№ 67 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 67 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 3 көпбейінді қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Абай даңғылы, № 47)

Шекарасы: Республика даңғылынан С. Сейфуллин көшесінің тақ сандар жағымен С. Торайғыров көшесіне дейін, С. Торайғыров көшесінің тақ сандар жағымен Ж. Омаров көшесіне дейін, Ж. Омаров көшесінің тақ сандар жағымен М. Ғабдуллин көшесіне дейін, М. Ғабдуллин көшесінің тақ сандар жағымен Луи Пастер көшесіне дейін, Луи Пастер көшесінің тақ сандар жағымен                     С. Торайғыров көшесіне дейін, С.Торайғыров көшесінің тақ сандар жағымен Кенесары көшесіне дейін, Кенесары көшесінің тақ сандар жағымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп сандар жағымен С. Сейфуллин көшесіне дейін.»;

аталған шешімнің 3-қосымшада:

№ 313 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«(орталығы – «ASPAN» спорт орталығы, Е697 көшесі, № 5 үй)

Шекарасы: Арнасай көшесінен Қабанбай батыр даңғылымен «Есіл» ауданының шекарасына дейін, «Есіл» ауданының шекарасымен Қарқаралы тас жолына дейін, Қарқаралы тас жолымен Арнасай көшесіне дейін, Арнасай көшесінің тақ сандар жағымен Сарытоғай көшесіне дейін, Сарытоғай көшесімен Беласар көшесіне дейін, Беласар көшесінің тақ сандар жағымен Жанадария көшесіне дейін, Жанадария көшесінің тақ сандар жағымен Арнасай көшесіне дейін, Арнасай көшесінің тақ сандар жағымен Қабанбай батыр даңғылына дейін.»;

№ 315 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 315 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 95 бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Алматы көшесі, № 4)

Шекарасы: Қабанбай батыр даңғылынан Алматы көшесінің жұп сандар жағымен Сауран көшесіне дейін, Сауран көшесінің тақ сандар жағымен Керей, Жәнібек хан көшесіне дейін, Керей, Жәнібек хан көшесінің тақ сандар жағымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Қабанбай батыр даңғылының жұп сандар жағымен Алматы көшесіне дейін.»;

№ 339 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 339 сайлау учаскесі

(орталығы – «Қазақстан жазушылар одағы» Астана қалалық филиалы, Балауса көшесі, № 11)

Шекарасы: Қабанбай батыр даңғылынан Космонавттар көшесінің жұп сандар жағымен Темірқазық көшесіне дейін, Темірқазық көшесінің тақ сандар жағымен Жиембет жырау көшесіне дейін, Жиембет жырау көшесінің жұп сандар жағымен Қалампыр көшесіне дейін, Қалампыр көшесінің жұп сандар жағымен Жауқазын көшесіне дейін, Жауқазын көшесінің тақ сандар жағымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасымен Қабанбай батыр даңғылына дейін, Есіл өзенінің арнасынан Қабанбай батыр даңғылының жұп сандар жағымен Космонавттар көшесіне дейін.

№ 343 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 343 сайлау учаскесі

(орталығы – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 89 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Сауран көшесі, № 11)

Шекарасы: Қабанбай батыр даңғылы, № 46, 46а, 46б, 46/1, 48, 48/1, 48а, 48б, 48/5, 48/7, 48/9 үйлер, Сауран көшесі, № 13, 15, 15/3, 15/4 үйлер.»;

№ 375 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

«№ 375 сайлау учаскесі

(орталығы – Jekpe-Jek Saraiy, Қабанбай батыр даңғылы, № 43)

Шекарасы: Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Қабанбай батыр даңғылының тақ сандар жағымен Орынбор көшесіне дейін, Орынбор көшесінің тақ сандар жағымен Тұран даңғылына дейін, Тұран даңғылының жұп сандар жағымен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін, Керей, Жәнібек хандар көшесінің жұп сандар жағымен Қабанбай батыр даңғылына дейін.».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі

 

             Ж. Қасымбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Астана қаласының

қалалық сайлау

комиссиясы

«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
19 декабря 2022