Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының
көпшілік тыңдауының хаттамасы
Астана қаласы 2022 жылғы 15 желтоқсан
Төрағалық етті: Е.Е. Каналимов – қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының төрағасы.
Қатысқандар:
Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қала тұрғындары, қалалық департаменттер, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Күн тәртібі:
Баяндаушы: Сакен Зиябекұлы Есіркеп – «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы.
Төрағалық етуші:
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулары өткізіледі.
Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ақпарат күні бұрын «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» қалалық басылымдарында және Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсында жариялау арқылы Астана қаласы жұртшылығына жеткізілді.
ТЫҢДАЛҒАНДАР:
Сакен Зиябекұлы Есіркеп – «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы депутаттарды Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы және Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі материалдармен таныстырды.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауларында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Батташұлы Сыдықов, Астана қалалық филиалының төрағасы Астана қаласы бойынша «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Сансызбай Сейітжанұлы Есілов қатысып сөз сөйледі.
Талқылауға катысқан қалалық мәслихаттың депутаттары бірауыздан «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ ұсынысын қолдады.
Көпшілік тыңдаудың қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қаласы мәслихатының
тұрақты комиссияларының
бірлескен отырысының төрағасы Е. Каналимов