Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне
атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы ..................... қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 38 көшеге – Әл-Фараби даңғылы;
жобалық атауы Е583 көшеге – Асқар Забикулин көшесі;
Әлихан Бөкейхан көшесі, № 2 және № 6 үйлердің арасында орналасқан атаусыз алаңға – Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы атауы берілсін.
|
Астана қаласының әкімі
|
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
|