Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу мерзімін ұзарту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 76-бабының 1-тармағына, 83-бабының 1-тармағына сәйкес және Астана қаласының сайлау комиссиясының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 178-ҚСК ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныңшығып қалған Сенат депутатының орнына сайлауды өткізудің мерзімі 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін ұзартылсын.
  2. Қоса беріліп отырған Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. «Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 31 қазандағы № 102/592 қаулысының 2-тармағы және осы қаулыға қосымша күшін жойды деп танылсын.
  4. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
  5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

Қосымша...

 

Төраға м.а.

К. Петров

 

Хатшы


М. Ерман

 

Астана қаласы, 

2022 жылғы 8 желтоқсан 

№ 119/613

Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу мерзімін ұзарту туралы
Дата публикации
09 декабря 2022