Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау
беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 7 қазандағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы .................. қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А23 көшеге – Әскен Нәбиев көшесі;
жобалық атауы А24 көшеге – Сырбай Мәуленов көшесі;
Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы Е12 көшеге – Мәншүк Мәметова көшесі;
жобалық атауы Е20 көшеге – Шапық Шөкин;
жобалық атауы Е753 көшеге – Санжар Асфендияров көшесі;
Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 187 көшеге – Бердібек Соқпақбаев көшесі;
жобалық атауы № 189 көшеге – Бейбарыс сұлтан көшесі.
Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 23-16 көше – Мағжан Жұмабаев даңғылы;
Астана қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:
Мәншүк Мәметова көшесі – Қарамерген көшесі;
Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
Бұқар жырау көшесінен басталатын № 29/1 жобалық көшесімен аяқталатын Сауран көшесінің бөлігі – Гейдар Әлиев көшесі болып қайта аталсын.
|
Астана қаласының әкімі
|
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
|