«Шектеу шараларының, оның ішінде
карантиннің, әлеуметтік, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың қолданылу кезеңіне
Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі
ұйымдарына мемлекеттік білім беру
тапсырысын қаржыландырудың көлемі
мен мөлшерін айқындау туралы»
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
белгіленген қаулыда:
қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бұйрықтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.»;
қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Астана
қаласының әкімі А. Көлгінов
Астана қаласының
әкімнің орынбасары Е. Байкен
«Астана қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімі басшысы Т. Мусин
«Астана қаласының
Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Сенғазыев