Бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының  7-4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
  2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                                 А. Көлгінов

  

Әкімнің орынбасары                                                                          Е. Байкен

 

«Нұр-Сұлтан» қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                           Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                              Қ. Маңқараев

 

«Астана қаласының

Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесі басшысы                                                                     Қ. Сенғазыев                                          

 

Бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Дата публикации
02 декабря 2022