Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы

Мемлекет мұқтажы үшiн жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығару (сатып алу) туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің   84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 5.1.3-тармағының 2.3-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарына сәйкес проблемалық тұрғын үй нысандардың құрылысын аяқтау мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік) қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес іздестіру және Жапсарластыра салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын кешенінің жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Ы.Дүкенұлы, А.Панфилов және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысы ауданы мекенжайында орналасқан, абаттандыру үшін 0,7212 га қоса алғанда, ауданы 3,8667 га жер учаскелері 2023 жылғы 27 наурыздан бастап 2024 жылғы 27 наурызға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
  2. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.

 

  1. Жер учаскелерін сатып алу бойынша қаржыландыру серіктестікке жүктелсін.
  2. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  3. Меншік иелері және жер пайдаланушылар алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
  4. «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

        

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                            Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                            Т. Мусин

 

«Астана қаласының Тұрғын үй

және тұрғын үй инспекциясы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                     А. Саипов

 

«Астана қаласының Сәулет,

қала құрылысы және жер

қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                     А. Жанбыршы

 

«Елорда құрылыс компаниясы»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің бас директоры                                                  Р. Тауекелов

Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы
Дата публикации
16 ноября 2022