Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1) 7 жастан 18 жасқа дейінгі білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – мектеп көлік картасын міндетті валидациялау кезінде балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) – 0 теңге;
2) 18 жастан асқан білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі көлік карталары маусымнан тамызға дейінгі кезеңді қоспағанда, ай сайын «Айлық жол жүру – Қала» келісімшартымен толықтырылады.
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов