Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
|
Ұйымдастырушы: |
«Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ |
|
Орналасқан жері: |
Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі 11, 113 кабинет |
|
Байланыс телефоны: |
55-69-10, 55-69-03, 55-69-19. |
|
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 Қаулысы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. |
|
Өтінімдерді беру орны: |
Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі 11, 113 кабинет |
|
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі:
|
2022 жылдың «1» желтоқсанынан бастап 2022 жылдың «15» желтоқсанына дейін |
|
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: |
2022 жылдың «1» желтоқсанынан бастап |
|
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: |
2022 жылдың «15» желтоқсанына дейін
|
|
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз.
|
|
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 113-кабинет (кеңсе) мекенжайы бойынша қабылданады .
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.