Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
кейбір қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 107-884 қаулысына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2023 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 147146 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
белгіленген қаулыда:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2022 жылғы 17 қыркүйекте № 1017 «Қазақстан Республикасының астанасы-Нұр – Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы», Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) – «360 024 000 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау» және «360 038 000 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау»;
«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі – «353 043 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау» және «353 044 000 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» деген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бекітілсін.;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.»;
1, 2-қосымшалар 1, 2-қосымшаларда қолданыстағы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».
2. Астана қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қыркүйектегі № 107-2048 қаулысына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 139300 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
белгіленген қаулыда:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2022 жылғы 17 қыркүйекте № 1017 «Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр–Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы», Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) – «360 024 000 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау»;
«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі – «353 043 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау» және «353 044 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» деген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бекітілсін.;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.»;
1, 2-қосымшалар 1, 2-қосымшаларда қолданыстағы қаулыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».
3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана
қаласының әкімі А. Көлгінов
Астана қаласының
әкімнің орынбасары Е. Байкен
«Астана қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімі басшысы Т. Мусин
«Астана қаласының
Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Сенғазыев