Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2022 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалсын.
- Қоса беріліп отырған Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға
|
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы
|
М. Ерман
|
Астана қаласы,
2022 жылғы 31 қазан
№ 102/592