«Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510-1100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы  15 тамыздағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы  5.1.3-тармағының 2.3-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарына сәйкес проблемалық тұрғын үй нысандардың құрылысын аяқтау мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510-1100 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыда:

1-тармақта:

«2020 жылғы 16 қыркүйегінен бастап 2021 жылғы 16 қыркүйегіне дейін» деген сандар мен сөздер «2023 жылғы 27 наурыздан бастап 2024 жылғы  27 наурызға дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

«6,3796 га» деген сандар мен әріптер «1,8789 га – учаске-1, 1,5741 га – учаске-2» деген сандар мен әріптерге ауыстырылсын;

қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

        

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                  Н. Нұркенов

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                             Т. Мусин

 

«Астана қаласының Тұрғын үй

және тұрғын үй инспекциясы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                      А. Саипов

 

«Астана қаласының Сәулет,

қала құрылысы және жер

қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                       А. Жанбыршы

 

«Елорда құрылыс компаниясы»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің бас директоры                                                     Р. Тауекелов

 

«Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510-1100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
28 ноября 2022