«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2022 жылға арналған жоспарлау деңгейіндегі (4 нақтылау)
азаматтық бюджеті
«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - аппарат) 2022 жылға арналған бюджеттіне «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 114/16-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 228/31-VII шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілді.
Аппарат сегіз бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:
2022 жылға арналған аппараттың бюджеті 5 058 282,1 мың теңге сомасында келесі бағдарламалар бойынша бекітілді:
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша 2022 жылға 2 081 629,0 мың теңге қарастырылған. Берілген бағдарламада Астана қаласы әкімінің аппаратын ұстауға және оны қамтамасыз етуіне байланысты шығындар, яғни жалақы, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға керек-жарақтарды сатып алу, байланыс және Интернет қызметтері үшін ақы төлеу, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту және баспа қызметтері сияқты түрлерге бөлінеді.
2022 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ р/к |
Тура нәтиже көрсеткіштері |
Өлшем бірлігі |
2022 жылғы жоспары |
|
1 |
Штат санының шегінде жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Астана қаласының аппаратын ұстау |
Штат бірлігі |
93 |
|
2 |
Әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту |
бірлік |
215 |
|
3 |
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімшілік қызметкерлерін оқыту |
бірлік |
120 |
|
4 |
Басшылық қызметке алғаш тағайындалған әкімшілік қызметкерлерін оқыту |
бірлік |
53 |
|
5 |
Өткізілген іс-шаралар саны |
бірлік |
8 |
|
6 |
Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша қызметтер саны |
бірлік |
3 |
Бағдарламаның соңғы нәтижесі: әкім аппаратына жүктелген міндеттерді орындау, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.
«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы бойынша 2022 жылға 30 249,0 мың теңге қарастырылған. Осы бағдарлама бойынша құрылғы персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығындар ескеріледі: компьютерлік және оргтехника, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары.
2022 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ р/к |
Тура нәтиже көрсеткіштері |
Өлшем бірлігі |
2022 жылғы жоспары |
|
1 |
Сатып алынған компьютерлік жабдықтар саны |
дана |
60 |
|
2 |
Сатып алынған өзге жабдықтар саны |
дана |
11 |
Бағдарламаны іске асырудың түпкі нәтижесі – әкім аппаратының қажетті бағдарламалық және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.
«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы бойынша 2022 жылға 393 142,0 мың теңге қарастырылған.
Бұл бағдарламада әскери-шақыру пунктісін қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету, дәрі-дәрмек, құрал, өртке қарсы қорғаныс және экономикалық мүлікті, сондай-ақ байланыс және қорғау құралдарын жабдықтауға бағытталған шығындар есепке алынады.
2022 жылға бағдарламаның тура нәтиже көрсеткіштері:
|
№ р/к |
Тура нәтиже көрсеткіштері
|
Өлшем бірлігі |
2022 жылғы жоспары |
|
1 |
Штат саны |
Штат бірлігі |
110 |
|
2 |
Ақпаратпен қамтамасыз ету үшін вируқа қарсы бағдарлама сатып алу |
бірлік |
10 |
|
3 |
Сатып алынған компьютерлік жабдықтар саны |
бірлік |
200 |
|
4 |
Сатып алынған басқа жабдықтың саны |
бірлік |
30 |
|
5 |
Дәрі-дәрмектер және басқа да медициналық мақсаттағы заттарды сатып алу саны |
бірлік |
2400 |
«Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы бойынша 2022 жылға 2 474,0 мың теңге қарастырылған. Бұл бағдарлама сайлау процесіне қатысушыларға сайлауды оқыту бойынша шығындарды ескереді.
2022 жылға бағдарламаның тура нәтиже көрсеткіштері:
|
№ р/к |
Тура нәтиже көрсеткіштері
|
Өлшем бірлігі |
2022 жылғы жоспары |
|
1. |
Сайлау комиссияларының оқытылған мүшелерінің саны |
бірлік |
90 |
Бағдарламаның соңғы нәтижесі: Жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және хабардар болуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесі мен сайлау институтына деген сенім деңгейін арттыру.
«Аумақтық қорғанысты дайындау мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғанысы» 011, «Жұмылдыру дайындығы және республикалық маңызы бар қаланың, астананы жұмылдыру» 012, «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауқымындағы төтенше жағдайдың алдын алу мен жою» 014, «Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» 107 бағдарламалар туралы ақпарат құпия болып табылады және жариялануға жатпайды.