Проект постановления акимата города Нур-Султан "О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 10 марта 2015 года № 06-346 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями кандидатам в Президенты Республики Казахстан»"

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы» 

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 888 болып тіркелген) Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 

көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Астана қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;

көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Әкім

 

А. Көлгінов

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Астана қаласының қалалық

сайлау комиссиясы 

Дата публикации
03 октября 2022