Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1321 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

 

 

 

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі                                                   А. Көлгінов

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары                                                                   Б. Жакенов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                               Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                   Қ. Маңқараев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                               К. Сенғазыев

Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Дата публикации
15 июля 2022