«Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Нұр-Сұлтан қаласының қаулы

Әкімдіктің кейбір қаулыларының

күші  жойылды деп тану туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы»   Қазақстан  Республикасы  Заңының  37-бабына, «Құқықтық  актілер  туралы»  Қазақстан   Республикасы   Заңының  27-бабына  сәйкес  Нұр-Сұлтан қаласының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.      Әкімдіктің мынадай  қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

          1)  «Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі  № 115-638 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90623 болып тіркелген);

         2)  «Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан  қаласы  әкімдігінің  2020 жылғы 6  мамырдағы № 505-742  қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142733 болып тіркелген);

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                               Аты-жөні

 

Постановление акимата города Нур-Султан «О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата»
Дата публикации
14 июля 2022