Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес,                         Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 сәуірдегі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының                    2022 жылғы ___ шілдедегі қорытындыларының негізінде                                      Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мыналарға:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

жобалық атауы А24 көшеге – Орал Мұхамеджанов көшесі;

жобалық атауы А40 көшеге – Нұрлан Балғымбаев көшесі;

жобалық атауы А62 көшеге – Сафуан Шаймерденов көшесі;

Абылай хан даңғылында, Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында орналасқан атаусыз аллеяға – «Қазақ елінің күйшілері мен күйші-композиторларының аллеясы»;

Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

жобалық атауы № 202 көшеге – Нұркен Әбдіров көшесі;

жобалық атауы Е103 көшеге – Олжабай батыр көшесі;

жобалық атауы Е111 көшеге – Шерхан Мұртаза көшесі;

жобалық атауы Е324 көшеге  – Дүкенбай Досжан көшесі;

жобалық атауы Е325 көшеге – Еркеғали Рахмадиев көшесі;

жобалық атауы Е357 көшеге – Александр Сызғанов көшесі;

жобалық атауы Е486 көшеге – Еркін Әуелбеков көшесі;

жобалық атауы Е576 көшеге – Қанай би көшесі;

жобалық атауы Е577 көшеге – Хамза Есенжанов көшесі;

жобалық атауы Е578 көшеге – Бопай ханым көшесі;

жобалық атауы Е579 көшеге – Қайреден Қарбаев көшесі;

жобалық атауы Е580 көшеге – Сабыр Ниязбеков көшесі;

 

жобалық атауы Е582 көшеге – Бертіс би көшесі;

жобалық атауы Е607 көшеге – Құман Тастанбеков көшесі;

жобалық атауы Е608 көшеге – Шолпан Жандарбекова көшесі;

жобалық атауы Е757 көшеге – Ақселеу Сейдімбек көшесі;

жобалық атауы Е758 көшеге – шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян көшесі;

жобалық атауы Е889 көшеге – Барлыбек Сырттанұлы көшесі;

жобалық атауы Е890 көшеге – Ермұхан Бекмаханов көшесі;

жобалық атауы Е898 көшеге – Тұрсынбек Кәкішев көшесі;

Қабанбай батыр даңғылында, «Салтанат Сарайы» кешені және  «The St. Regis Astana» қонақ үйі арасында орналасқан атаусыз скверге   – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы  II Елизавета атындағы сквері;

Дінмұхамед Қонаев көшесінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан атаусыз аллеяға – «Нәзір Төреқұлов атындағы дипломаттар аллеясы»;

Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:

жобалық атауы № 20-40 көшеге – Сәбит Мұқанов көшесі атауы берілсін.

  1. Мыналар:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

Нұрлыжол көшесінің № 37 үйден басталып, № 26 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Бозоқ көшесі;

Мұстафа Шоқай көшесінің № 2 үйден басталып, № 10 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Ботай көшесі;

Мұстафа Шоқай көшесінің № 20А үйден басталып, № 33/2 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Түймекент көшесі;

Бастөбе көшесінің № 23 үйден басталып, № 37 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жарқұдық көшесі;

Георгий Игишев көшесінің № 2 үйден басталып, № 16/3 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Ақжал көшесі;

Бірлік көшесінің № 2/1 үйден басталып, № 30/1 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Алшалы көшесі;

Иманақ көшесінің № 13 үйден басталып, № 7Б үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жалтыр көшесі деп қайта аталсын.

  1. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының  шешімі  алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 

 

 

_______________  А. Көлгінов                                      

              

                     

          Нұр-Сұлтан қаласы

          мәслихатының хатшысы

 

        ______________     Е. Каналимов

 



Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Дата публикации
11 июля 2022