Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы

 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Талғат Бигелдиновтің есімін;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 70 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Темірбек Жүргеновтің есімін;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 92 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ақжан Әл-Машанидің есімін;

4) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 65 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мағжан Жұмабаевтың есімін;

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 88 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қадыр Мырза Әлінің есімін;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Тәттімбеттің есімі берілсін.

 

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

  Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

                      

                Ә. Смайылов



Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы
Дата публикации
11 июля 2022