Қазақстан Республикасының Су кодексі 94-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы ғимараттарында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған орындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
- «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.