Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы  3-тармағының 7) тармақшасына және 62-бабының 5-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2022–2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                                 А. Көлгінов

 

 

Әкімнің орынбасары                                                                   Б. Жакенов

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                               Ж. Шаукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Қ. Маңқараев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Дене шынықтыру және спорт»

басқармасы мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                             С. Жилкибаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Дін істері жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Н. Әлмұханов

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық

         денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                           Т. Мұратов

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                               К. Сенғазыев

 

 

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Дата публикации
14 июня 2022