Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
кейбір қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Қизатовқа жүктелсін.
Әкімнің орынбасары Е. Қизатов
«Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-
құқықтық бөлімі басшысының
міндетін атқарушы Г. Нұрғалиева
«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй
және тұрғын үй инспекциясы
басқармасы» мемлекеттік
мекемесі басшысының орынбасары А. Саипов
«Нұр-Сұлтан қаласының
Сәулет, қала құрылысы және
жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ұранхаев