14 ақпан 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және туындау және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» 2022 жылғы 10 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес Қаулы етемін:
- 2 тармақтың 12-абзацы келесі редакцияда толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» 2022 жылғы 10 ақпандағы № 8 қаулысымен».
2.1. халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;
2.2. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;
2.3. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері С. Бейсенова