«Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/9-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және     өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына және  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46 бабы                  2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/9-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1071 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазым                                                                                                      Т.А.Ж.

Дата публикации
09 февраля 2022