«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулы жобасы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы  3-тармағының 7-3) тармақшасына, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы  12 қазандағы № 568 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17550 болып тіркелген) сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру тапсырысы) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) басшысы техникалық және кәсіптік білім берудің тиісті оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.Р. Ораловқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі                                                   А. Көлгінов

 

қаулысына қосымша

 

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына

арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с

№

 

Кадрларды даярлау бағыты

 

Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

(орындар саны)

Бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

1

2

3

4

1.      

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

350

377 908

2.      

Дене тәрбиесі және спорт

50

377 908

3.      

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

350

377 908

4.      

Музыкалық білім беру

15

377 908

5.      

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

200

377 908

6.      

Информатика

35

377 908

7.      

Мейіргер ісі

200

382 000

8.      

Акушерлік іс

25

382 000

9.      

Лабораториялық диагностика

25

382 000

10.  

Әлеуметтік жұмыс

25

383 742

11.  

Исламтану

50

377 908

12.  

Кітапхана ісі

15

377 908

13.  

Шаштараз өнері 

25

415 829

14.  

Қонақ үй бизнесі

100

383 742

15.  

Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

25

383 742

16.  

Тамақтандыруды ұйымдастыру

200

415 829

17.  

Туризм

50

383 742

18.  

Маркетинг (салалар бойынша)

125

383 742

19.  

Логистика (салалар бойынша)

25

383 742

20.  

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

300

383 742

21.  

Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

25

383 742

22.  

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

25

383 742

23.  

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

75

415 829

24.  

Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

45

415 829

25.  

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

150

383 742

26.  

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)

25

415 829

27.  

Токарлық іс (түрлері бойынша)

20

415 829

28.  

Машина жасау технологиясы

(түрлері бойынша)

50

415 829

29.  

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

125

415 829

30.  

Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер

40

415 829

31.  

Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану

25

415 829

32.  

Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

50

415 829

33.  

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

75

415 829

34.  

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

100

415 829

35.  

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

50

415 829

36.  

Ет және ет өнімдерін өндіру

25

415 829

37.  

Тағам өндірісінің технологиясы

50

415 829

38.  

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

142

415 829

39.  

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

90

415 829

40.  

Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

25

415 829

41.  

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану

50

415 829

42.  

Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)

50

415 829

43.  

Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру

25

415 829

44.  

Геодезия және картография

25

415 829

45.  

Орман шаруашылығы (түрлері бойынша)

50

415 829

46.  

Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

50

415 829

47.  

Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

25

415 829

48.  

Жолқозғалысын ұйымдастыру

25

415 829

 

 

 

Дата публикации
11 февраля 2022