Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
  2. Осы шешім Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Нұр-Сұлтан қаласы
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы В. Редкокашин
Нұр-Сұлтан қаласы
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы Ш. Шәріпов

Шешім
Дата публикации
27 октября 2020