Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес,                Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 мамырдағы және 10 қарашадағы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы ___ желтоқсандағы  қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мыналарға:

          Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

жобалық атауы  А23 көшеге – Николай Макиевский көшесі;

жобалық атауы А82 көшеге – Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі;

жобалық атауы № 23-15 көшеге – Қалибек Қуанышбаев көшесі;

          Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

жобалық атауы № 201 көшеге – Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;

жобалық атауы Е11 көшеге – Әзілхан Нұршайықов көшесі;

жобалық атауы Е15 көшеге – Ербол Шәймерденұлы көшесі;

жобалық атауы Е108 көшеге – Мақтымқұлы көшесі;

жобалық атауы Е321 көшеге – Юнус Емре көшесі;

жобалық атауы Е495 көшеге – Хұсам ад-дин ас-Сығнақи көшесі;

жобалық атауы Е609 көшеге – Әшірбек Сығай көшесі;

жобалық атауы Е613 көшеге – Саят Абеев көшесі;

жобалық атауы Е632 көшеге – Тұяқберді Шәмелов көшесі;

жобалық атауы Е633 көшеге – Бақтыгерей Құлманов көшесі;

жобалық атауы Е635 көшеге – Ғазиз Байтасов көшесі;

жобалық атауы Е652 көшеге – Мұхаммед Әли Джинна көшесі;

жобалық атауы Е809 көшеге – Жошы хан көшесі;

жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерін біріктіріп, Әмір Едіге көшесі;

жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерін біріктіріп, Роза Жаманова көшесі;

жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерін біріктіріп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы көшесі;

Сығанақ  көшесінде, «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің  жанында орналасқан атаусыз саябақ – «Бухарест» деп аталсын.

  1. Мыналар:

          Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

Тоқтар Әубәкіров көшесі – Шұбартау көшесі;

Көксай көшесінен басталып, Жағажай көшесінің бөлігі – Тоқтар Әубәкіров көшесі;

Мақтымқұлы және  Қобыланды батыр көшелерін біріктіріп,  Қобыланды батыр көшесі;

          Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:

Мұхамеджан Тынышбаев және Иманжүсіп Құтпанов көшелерін біріктіріп,  Иманжүсіп Құтпанов көшесі деп қайта аталсын.

  1. Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының  шешімі  алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 

_________А.Көлгінов                                      

                                    

          Нұр-Сұлтан қаласы

          мәслихатының хатшысы

        ___________     Е. Каналимов

Дата публикации
30 ноября 2021