Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;

4) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың есімі;

5) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына   Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына                   Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

  Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

                      

                       А. Мамин

Дата публикации
07 декабря 2021