Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2022 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Білім туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының  7-4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. 2022 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге қоса беріліп отырған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
  • Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды қамтамасыз етсін;
  • Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әкім

А. Кульгинов

  

Әкімнің орынбасары 

 А. Оралов

 

              «Нұр-Сұлтан» қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы

Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

Қ. Маңқараев

 

 «Нұр-Сұлтан қаласының

Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесі басшысының м.а. 

Р. Иманғазинова    

 

Приложение

пояснительная                                      

Дата публикации
09 декабря 2021