Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының аумағында автодүкендер түріндегі стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының жобасы

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әріБасқарма) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкесАстана қаласы әкімдігінің Астана қаласының аумағында автодүкендер түріндегі стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысының жобасын дайындады.

Басқарманың ресми интернет-ресурсында қызметтің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында орналастырылады.

Дата публикации
29 июня 2026