«Жастар және сайлау» атты республикалық форум аясында 23 сәуірде Қызылорда қаласында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері алғаш рет бас қосқан іс-шара өтті. Аталған форумға Астана қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшелері де белсене қатысты

Астана қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшелері Қызылорда қаласында өткен, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері алғаш рет бас қосқан іс-шараға қатысты.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде «Жастар және сайлау» атты республикалық форум аясында ашық пікірталас форматында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен жастарсайлау үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында форум қатысушылары сайлау заңнамасына, жастардың электоралдық үдерістердегі рөліне, сондай-ақ елдегі сайлау институтын дамыту перспективаларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарды қою мүмкіндігіне ие болды. Жас азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және электоралдық белсенділігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ОСК төрағасы жастарды қоғамдық-саяси өмірге тартудың маңыздылығын атап өтіп, дәл жастардың белсенді азаматтық ұстанымы демократиялық қағидаттарды нығайтып, мемлекеттің дамуына ықпал ететінін жеткізді. Өз кезегінде студенттер жастарды сайлау туралы ақпараттандыру тетіктерін жетілдіруге қатысты өз бастамалары мен ұсыныстарымен бөлісті.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар электоралдық сауаттылықты арттыруға және жастарды сайлау үдерісіне тартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мен алдағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Сол күні форум аясында аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен жұмыс кездесуі өтіп, оның барысында іскерлік әрі сындарлы жағдайда электоралдық науқандарды ұйымдастыру және өткізуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында Жас сайлаушылар клубының мүшесі Азат Теңгебаев жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырудың және азаматтық белсенділікті күшейтудің маңыздылығына, сондай-ақ олардың референдумға практикалық қатысуының қажеттілігіне ерекше назар аударды. Ол жас азаматтарды ақпараттандырудың заманауи тәсілдерімен бөлісіп, соның ішінде ЖИ-чат-боттарды қолдануды атап өтті. Сонымен қатар, Астана тәжірибесіне тоқталып, мультфильмдер мен қысқа бейнероликтердің сайлау үдерісін қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, елорда жастарының жаңа бастамалары — жалған ақпараттың таралуына қарсы бағытталған «Цифрлық қалқан» жобасы мен қатысушыларды ынталандыру элементтері қарастырылған цифрлық квест жоспары ерекше қызығушылық тудырды.

Жалпы алғанда, бұл сөз жастардың саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және сайлау үдерістеріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған инновациялық әрі креативті тәсілдерді енгізуге деген ұмтылысын айқын көрсетті.

Дата публикации
08 мая 2026