Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) «Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 105-7 «Мемориалдық тақталарды орнату туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасының «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының күші жойылуына және Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» жаңа Заңының қабылдануына байланысты 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 105-7 қаулының кіріспе бөлігін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру болып табылады.
Осыған байланысты Әкімдік сіздерді аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба келесі сілтеме бойынша қолжетімді: