
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді.
Референдумға мынадай мәселе шығарылады:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?»
Астана қаласының әкімдігі өз сайлау учаскеңіз туралы мәліметті нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді:
Ресми веб-сервис арқылы: https://referendum.astana.kz/
Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
Бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.
Маңызды! Азаматты нақты референдум учаскесінде республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізудің негізі – оның сол учаске аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі болып табылады.
Мекенжай деректерін тіркеу, түзету және тексеру үшін «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» порталы – egov.kz сайтындағы «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеуден шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.
2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысып, өз конституциялық құқығыңызды жүзеге асырыңыз!