
Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы Астана қаласы
аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясы Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
Естек Қанат Ғалымжанұлы – 1972 жылы туған, «Асыл Қазына НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Астана қаласында тұрады;
Зейнұлқабден Табиғат – 1974 жылы туған, «Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры, Астана қаласында тұрады;
Сыдықов Ерлан Батташұлы – 1956 жылы туған, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б. Бектемісова