
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы
8 желтоқсандағы № 119/613
қаулысымен бекітілген
2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты (бұдан әрі - Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.
|
|
|
|
Астана қаласы мәслихатының депутаттары сессияда және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен Сайлау ұзартылған күннен кейінгі келесі күні – 9 желтоқсанда басталады және – 17 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (71-б. 1-т., 2-т., 83-б. 1-т.)
|
|
2. Ұсыну туралы мәслихат шешімін кандидатқа жеткізу, шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберу.
|
|
|
|
Астана қаласының мәслихаты Ұсыну кезеңінде (71-б. 4-т.)
|
|
3. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) қоятын талаптарға сәйкестігін анықтау.
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде (4-б., 70-б., 71-б. 6-т.)
|
|
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңы қоятын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзім ішінде (71-б. 6-т.)
|
|
5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңы қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 5) т.т.), 31-б.)
|
|
6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің жұмыскерлерін тарта отырып. Қол қою парақтарын сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін бес күн мерзім ішінде (72-б. 6-т.)
|
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсыну.
|
|
|
|
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат пен оның зайыбы (жұбайы). Кандидат тiркелгенге дейін (73-б. 2-т.)
|
|
8. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң растығын тексеру.
|
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде (73-б. 2-т.)
|
|
9. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамада белгіленген ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.
|
|
|
|
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат Тіркелгенге дейін, кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін, сондай-ақ оны қолдау үшін жиналған қолдары тексерілгеннен кейін (73-б. 2-т.)
|
|
10. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағатта аяқталады (14-б. 5) т.т., 73-б., 83-б. 1-т.)
|
|
11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей (14-б. 5) т.т., 73-б. 6-т. 2) т.т.)
|
|
12. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.)
|
|
13. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
|
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18 сағаттан кейін басталады және 13 қаңтарда нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т., 83-б. 1-т.)
|
|
14. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімін жасау және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы танысу үшін ұсыну, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыру |
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Астана қаласы мәслихаты хатшысы ұсынғаннан кейін Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда – (24-б. 9-т., 25-б. 2-т., 26-б. 2-т., 76-б. 1-т., 83-б. 1-т.)
|
|
15. Парламент Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыс беру уақытын айқындау |
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы (38-б. 4-т.)
|
|
16. Дауыс беруге арналған пунктті ашу
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын (40-б. 2 т., 4 т.)
|
|
17. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыстарды санау хаттамасын жасау
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Бір күннің ішінде (14-б. 5) т.т., 38-б. 4-т., 41-б., 42-б., 43-б., 77-б., 78-б.)
|
|
18. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылар отырысының хаттамасын жасау және оны Астана қаласының сайлау комиссиясына ұсыну
|
|
|
|
Астана қаласы мәслихатының хатшысы Дауыс беру күні (77-б. 7-т.)
|
|
19. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы Ортсайлаукомға ұсыну
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімнен асырмай – 15 қаңтардан кешіктірмей (14-б. 5) т.т., 78-б., 83-б. 1-т.)
|
|
20. Парламент Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындыларын анықтау.
|
|
|
|
Ортсайлауком Сайлау өткізілген күннен бастап жетікүндік мерзімнен кешіктірмей – 20 қаңтардан кешіктірмей (12-б. 10) т.т., 44 -б. 1-т., 81-б. 1-т., 83-б. 1-т.)
|
|
21. Парламент Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Ортсайлауком Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей – 23 қаңтардан кешіктірмей (12-б. 10) т.т., 44-б. 4-т., 5-т., 83-б. 1-т.)
|
|
22. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Астана қаласының сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі |
|
|
|
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) |
|
23. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Астана қаласының сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей (34-б. 4-т.)
|
|
24. Парламент Сенатының сайланған депутатын тіркеу, тиісті куәлiк пен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi тапсыру
|
|
|
|
Ортсайлауком Сайланған Парламент Сенаты депутатынан жетiкүндік мерзiм iшiнде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенаты депутатының мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiшiн алғаннан кейiн (45-б., 46-б. 2-т., 82-б.)
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді