
ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру жер сауда-саттығында (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукциондар) орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.10.15 № 297 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.
Жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша алдағы жер сауда-саттықтары (аукциондары) туралы тиісті Ақпараттық хабарлама Мемлекеттік мүлік тізілімінің алаңында https://e-qazyna.kz/, сондай-ақ, «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/ «жаңалықтар» бағанында жарияланады.