Logo

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қауіпсіз қала (ТКҚЖ)

2050 жылға дейін Астананы әлемнің үздік қалаларының ондығына енгізу тұжырымдамасында бірінші кезеңде 2020 жылға дейін «Астана – қауіпсіз қала» Тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесініске асыру қарастырылған.

ТКҚЖ жобасының мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының жалпы қауіпсіздігі деңгейін арттыру, сондай-ақ, қылмыстар санын барынша азайту болып табылады. Жоба қаланың тіршілік қызметін талдау бойынша операциялардың басым бөлігін автоматтандыруға, сонымен қатар осы талдаудың негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, жобаны іске асыру қала тұрғындарының өмір сүру сапасын және олардың қалалық қызметтердің жұмысына қанағаттануын арттырады.

ТКҚЖ пилоттық жобасын іске асыру аясында «Астана Innovations» АҚ тұрғын үй аудандарында, мектептерде, қиылыстарда және көпірлерде 412 бейнебақылау камерасын орнатып, іске қосты.

Аталған жобаны іске асырудың пилоттық аймағы – Сығанақ, Сауран, Алматы көшелері мен Қабанбай батыр даңғылы квадратында бейнебақылау орнатылды. Бұл ауданда 114 камера жұмыс істейді.

2015 жылдан бастап ТКҚЖ пилоттық жобасына Астана қаласының мектептеріндегі ТКҚЖ бейнебақылау камераларын да қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде 6 қалалық мектептегі 117 камера қосылды.

Адамдар көптеп жиналатын орындарда 63 бейнебақылаукамерасы жұмыс істейді.

2016 жылғы 30 маусымдағы мәліметтер бойынша, пилоттық аймақта көшелер мен тұрғын үйлерде орнатылған камералардың көмегімен 2261 бұзушылық тіркелді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша пилоттық аймақта 4 950 әкімшілік бұзушылық тіркелді.

Ү.ж. 26 ақпанында қала көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер іске қосылды.

Ү.ж. 30 маусымында аппараттық-бағдарламалық кешендер іске қосылған кезден бастап 9 000 артық жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелді. 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы