Logo

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Үй жануарлары мен жануарлардың панажайлады тіркеу

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын міндетті тіркеу күшіне енеді.

2022 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен үй жануарларын есепке алу қағидалары және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесі бекітілді (бұдан әрі – Қағидалар).

Есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда базада міндетті қайта есепке алынуға жатады.

Үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу бұйымдарын (құралдарын) пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын иелері үшін бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Үй жануарларын, сондай-ақ жануарларды ұстау орындарын есепке алу "Tanba" жануарларды есепке алу ақпараттық сервисі арқылы жүргізіледі https://tanba.kezekte.kz/ru (бұдан әрі-Сервис).

Сонымен қатар, жедел өзара әрекет ету және сервис пайдаланушыларының мәселелерін шешу үшін телеграмм-арна https://t.me/qaztanba және телеграмм-чат https://t.me/tanbaqaz құрылды.

Осыған орай, үй жануарларын тіркеу үшін иелері Сервисте тіркелген ветеринарлық клиникаларға жүгіне алады.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген Қағидаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қолданысқа енгізіледі.

Төмендегі сілтеме бойынша Сервисте тіркелген ветеринарлық клиникалардың, сондай-ақ жануарларға арналған панажайлардың тізімі берілген:

https://tanba.kezekte.kz/ru/registry/place

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы