Меню

Страницы

Статья

196 миллион теңгеден астам қаражат БЖЗҚ салымшыларының шоттарына қайтарылды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

196 миллион теңгеден астам қаражат БЖЗҚ салымшыларының шоттарына қайтарылды

 

           БЖЗҚ-ның «Jusan Ventures» ЖШС-не жолдаған талап арызы нәтижесінде жай акцияларды сатып алғаны үшін (бұрынғы атауы – «KazTransCom» АҚ) Қордың пайдасына 196 304 931 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленді.

           Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 18 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде «Jusan Mobile» АҚ («KazTransCom» АҚ) 77 073 дана жай акциялары болған. 2021 жылдың ақпанында «Jusan Ventures» ЖШС Қазақстан қор биржасының (KASE) интернет-ресурсында тиісті талапты жариялау арқылы санатына БЖЗҚ да кіретін миноритарлық акционерлерден бір данасын 5 750 теңге бағамен акцияларды мәжбүрлеп сатып алу құқығын мәлімдеді. KASE деректеріне сәйкес, 12.02.2021ж. жағдай бойынша көрсетілген баға индикативтік ретінде расталды. 2021 жылғы наурызда «Jusan Ventures» ЖШС барлық миноритарлық акционерлерден, оның ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінен акцияларды аталған бағамен сатып алған болатын.  

         Алайда, миноритарлық акционерлердің бірі сотқа талап арыз берген соң, тәуелсіз бағалауды ескере отырып, сот акциялардың бір данасының құнын 8 297 теңге деп айқындады. 2022 жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді.

        Аталған сот шешімін ескере отырып, БЖЗҚ «Jusan Ventures» ЖШС-не акциялар құнының айырмасын төлеуді талап етіп, сотқа дейінгі талап арызын жіберіп, төлем мерзімдерін белгіледі.

        Қордың сотқа дейінгі талап арызына сәйкес, «Jusan Ventures» ЖШС акциялар құнының айырмасын төлеуді жүзеге асырды. Қосымша ақы сомасы сот белгілеген акциялар құны мен бұрын төленген әрбір акция бағасының айырмасы негізінде әр акция үшін 2 547 теңге мөлшерінде есептеп шығарылды. Нәтижесінде 196 304 931 теңге БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының зейнетақы активтерінің құрамына аударылды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
24 мая 2022
Дата обновления
24 мая 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
29 июня 2026
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты
БЖЗҚ
29 июня 2026
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады
БЖЗҚ
29 июня 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы