Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы және Қызылорда облысында қызмет көрсету кеңселері жұмысы қайта жандандырды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласы және Қызылорда облысында қызмет көрсету кеңселері жұмысы қайта жандандырды

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын Алматы қаласындағы Шевченко көшесі, 80- ші үйде орналасқан филиалдың, сонымен қатар Есік, Қапшағай, Қаскелең, Өтеген батыр, Талғар қалаларындағы және Ұзынағаш ауылындағы Алматы қаласына іргелес қызмет көрсету орталықтарының 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап жұмысы қайта жанданғанын хабардар етеді.

 Сондай-ақ, өңірдегі жағдайдың жалпы тұрақтануын ескере отырып, Қызылорда облысындағы қызмет көрсету кеңселері де тікелей қызмет көрсетуге кірісті.

 Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін салымшыларға/алушыларға кеңседе қызмет көрсету және байланыс орталығының жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 БЖЗҚ қызметтері аймақтардың ғаламторға қосылуына байланысты онлайн форматта қолжетімді.

 Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
21 января 2022
Дата обновления
21 января 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
29 июня 2026
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты
БЖЗҚ
29 июня 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер
БЖЗҚ
29 июня 2026
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы