Меню

Страницы

Статья

75 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін алды

2021 жылдың 12 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 115 608 өтініш түсті.

Жалпы сомасы 408,1 млрд теңгеден асатын 75 186 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асатын соманы құрады. 

15,5 млрд теңге сомаға 2 888 өтініш уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарға кейіннен төлемдер жасау үшін өңделуде.

25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкілетті оператордан өтініш қабылдай бастаған күн) 37 534 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. Өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі өтініште көрсетілген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомадан асып кетуі болып табылады. Өтініштерді қабылдамау себептері мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы БЖЗҚ бұған дейін егжей-тегжейлі баяндаған болатын.

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
29 июня 2026
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты
БЖЗҚ
29 июня 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер
БЖЗҚ
29 июня 2026
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы