Меню

Страницы

Статья

Еріктілер қозғалысын дамыту

ВОЛОНТЕРЛІК - БҰЛ ӨЗАРА КӨМЕКТІҢ ДӘСТҮРЛІ ТҮРЛЕРІН ҚАМТИТЫН КЕҢ АУҚЫМДЫ ҚЫЗМЕТ

Ақшалай сыйақыны есептемей, жұртшылықтың игілігі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын қызметтерді ресми ұсыну және азаматтық қатысудың басқа да нысандары.

«Астана жастары» волонтерлары елордалық жастарға ел дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың барлық түрлерін ұйымдастыруға қатысады.

Жастарды тарту және оқыту мақсатында «Астана жастары» «Волонтерлер мектебінде» волонтерларды тегін негізде даярлауды 3 бағыт бойынша жүзеге асырады: әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлары және халықаралық іс-шаралар.

«Астана жастары» ЖРО» КММ базасында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды шоғырландыруды ұйымдастыру, ақпараттық және ресурстық көмек көрсету, қалада іс-шараларды есепке алуды жүргізу, күш-жігерді біріктіру, дербес қозғалыстар санын ұлғайту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын орындау шеңберінде бесінші жыл Қалалық волонтерлар штабы жұмыс істейді.  Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындар мен қала меценаттарымен ынтымақтастық және бірлескен қызмет жүргізіледі.

Волонтерлар жұмысының бағыттары:

  • Спорттық волонтерлік
  • Әлеуметтік волонтерлік
  • EVENT- волонтерлік
  • ECO – волонтерлік
  • ТЖ волонтерлары

Қазіргі уақытта «Астана жастары» ЖРО» КММ-де 500 белсенді волонтерлардан құралған команда құрылды. Барлығы 6000-ға жуық волонтерлар тіркелген.

«Астана жастары» волонтеры қалай болуға болады? 

  • Жеке куәлік (төлқұжат, куәлік. туу туралы.)
  • Сауалнаманы толтыру
  • Әңгімелесуден өту
  • Біздің ұйым сізге сәйкес келетінін немесе келмейтінін түсіну
  • Волонтер болуға деген ұмтылысыңызға сенімді болыңыз

Біздің байланыс:    

@astana_jastary

@astana_zhastary_volunteers 

Дата публикации
23 сентября 2020
Дата обновления
23 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

БЖЗҚ
29 июня 2026
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты
БЖЗҚ
29 июня 2026
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады
БЖЗҚ
29 июня 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы