Меню

Страницы

Статья

Соттың айыппұл салу туралы Қаулысы заңды күшіне енген жоқ және ол бойынша шағым жасалады

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Соттың айыппұл салу туралы Қаулысы заңды күшіне енген жоқ және ол бойынша шағым жасалады

 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің «БЖЗҚ» АҚ-ға ақпаратты ұсынбағаны үшін 100 АЕК мөлшерінде салынған айыппұлға қатысты хабарламасы бойынша БАҚ-та таратылған ақпаратқа қатысты төмендегіні хабарлаймыз.

2022 жылдың тамыз айында монополияға қарсы орган БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы аударымдары туралы мәліметтерді қамтитын сұранысын жолдады.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57- бабына сәйкес БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының құпиясына кепілдік беретіндіктен, Қор Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне бұл ақпаратты беруден бас тартатыны туралы жауап жолдады.

БЖЗҚ-ның ақпаратты беруден бас тартқандығы туралы жауапты алғаннан кейін монополияға қарсы орган БЖЗҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. «БЖЗҚ» АҚ-ның өтініші бойынша іс Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына (Сот) берілді.

 2022 жылғы 11 қарашада Сот «БЖЗҚ» АҚ-ға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы Қаулысын шығарды. Алайда «БЖЗҚ» АҚ Соттың бұл Қаулысын алған жоқ және ол заңды күшіне енген жоқ.

Соттың Қаулысын алғаннан кейін «БЖЗҚ» АҚ өзінің ол бойынша жоғары тұрған сот сатысына шағымдану құқығын заңнамада белгіленген мерзімді сақтай отырып, шағым арыз беруге ниетті.

     Жоғарыда айтылғандарға байланысты, БЖЗҚ-ны әкімшілік айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау ерте және дәл қазір ол шындыққа сәйкес келмейді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
07 декабря 2022
Дата обновления
07 декабря 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

БЖЗҚ
29 июня 2026
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты
БЖЗҚ
29 июня 2026
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады
БЖЗҚ
29 июня 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы