2024-2026 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы

2024-2026 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary»  бағдарламасының жалғасы болып табылады және қаланың 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуына сәйкес жастардың сұранысын ескере отырып әзірленген. Ол мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында жұмыс істейтін болады.

Тұтастай алғанда, Бағдарлама жастардың әлеуетін іске асыру және дамыту үшін жағдай жасау, қаланың инновациялық түрлену мүддесінде жастардың қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

2024-2026 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы
Дата публикации
22 апреля 2024