«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жұмыс тобы құрамы: «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы Қ.Т.Қамбаров, «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ Жастар ортасын талдау және мониторинг бөлімі басшысы Байтук О.С., «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы К.Қ.Құрманбекова, «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас Ж.А.Жакупова, 2022 жылғы 16 мамырдан 2023 жылғы 2 мамырға дейінгі кезеңде «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алдын жүргізілген ішкі талдау қайта қаралды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың 2021 жылғы 7 сәуірде бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, Басқарма басшысының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 19 бұйрығының негізінде жүргізілді.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексін, 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы», 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы», 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344 «Саяси партиялар туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін басшылыққа алады.
Басқарманың негізгі қызметі Астана қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға басшылық ету.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мыналар анықталды:
Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары:
Басқарма қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер зерделенді, онда комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды анықтаған жоқ.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты:
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы
Басқарманың штаттық саны 10 бірлікті құрайды.
2022 жылдың шілде айында Оқушы және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы (D-О-3) мемлекеттік жалпы конкурс арқылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ауысты;
2022 жылы жалпы конкурс қорытындысы бойынша 2 қызметкер қабылданды:
- 2022 жылдың маусым айында Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшы лауазымына 1 қызметкер қабылданды (D-О-3);
- 2022 жылдың қараша айында Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымына 1 қызметкер қабылданды (D-О-4);
- 2022 жылдың шілде айында Жастар ортасын талдау және мониторинг бөлімі басшысы (D-О-3), Оқушы және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы (D-О-3) лауазымына ішкі ауыстыру тәртібімен орналастырылды;
- 2022 жылдың шілде айында Жастар ортасын талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы (D-О-4), Жастар ортасын талдау және мониторинг бөлімінің басшысы (D-О-3) лауазымына ішкі ауыстыру тәртібімен орналастырылды;
- 2022 жылдың шілде айында Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымынан (D-О-4), Жастар ортасын талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы (D-О-4) лауазымына ішкі ауыстыру тәртібімен орналастырылды.
Осылайша, 2022 жылы жұмыстан босатылғандар саны 1 бірлікті құрады, таза ауысымдылық деңгейі 8,3%.
2023 жылдың ақпан айында Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (D-O-5) отбасы жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды.
2023 жылдың ақпан айында Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманыны (D-O-4) басқа мемлекеттік қызметке орналасуына байланысты қызметінен босатылды.
Осылайша, 2023 жылы жұмыстан босатылғандар саны 2 бірлікті құрады, таза ауысымдылық деңгейі 16,7%.
2023 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша штаттың нақты саны 10 бірлікті құрайды. Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің жетекші лауазымына (D-O-5) және Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманыны лауазымына (D-O-3) 2 тұрақты бос орын бар.
Бір қызметкер бала күтімі бойынша демалыста.
2022 жылғы 23 қарашсында мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамауы түріндегі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 тәртіптік жаза қолдану қағидаларына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 - бабының 1- тармағына, 44- бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес екі мемлекеттік қызметкерге қатысты ескерту түріндегі тәртіптік жаза қабылданды.
Сондай-ақ, Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Астана қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Амантай Ғалымжан Амантайұлымен ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы аясында 2023 жылғы 19 сәуір күні мемлекеттік қызметкерлер арасында жиналыс өткізілді.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты:
Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты тетіктердің бірі болып табылады.
Мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға қатысатын қызметшілерді басқаруда және мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі байланысты туыстарына немесе өзге де адамдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылдау анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты:
Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты:
Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.
Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты:
Басқарма ережесінде бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру көзделмеген.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары:
Басқармада 4 жұмыс бюджеттік бағдарламасы бар.
2022 жылға арналған Бюджет жалпы сомасы 1283,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
1) бюджеттік бағдарлама 001 «Жергілікті деңгейде жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 141,2 млн.теңге.
Осы бағдарлама бойынша бюджет қаражатын жоспарлау басқарма қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының (еңбекке ақы төлеу қоры) бекітілген мөлшерлерінің, бекітілген тарифтердің (байланыс қызметтері, басқарма қызметкерлерін орналастыру үшін кеңсе үй-жайларын жалға алу), баға және коммерциялық ұсыныстардың (тауар-материалдық қорларды: картридждерді, қағазды, өзге де кеңсе тауарларын сатып алу, сондай-ақ ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету және қызметкерлерді қамту басқа да шығыстар) негізінде жүзеге асырылады;
2) бюджеттік бағдарлама 004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 1,2 млн.теңге Басқарма қызметкерлерін негізгі құралдармен қамтамасыз ету.
Осы бағдарлама бойынша жоспарлау қолданыстағы стандарттар мен жобалық ережелерге сәйкес Баға және коммерциялық ұсыныстар негізінде жүзеге асырылады, құнын есептеу Басқарма қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтауға арналған нормативтік-техникалық құжаттамамен реттеледі;
3) бюджеттік бағдарлама 005 «Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» - 1016,1 млн.теңге оңын ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы" КММ құрылымдық бөлімшесін ұстауға 149,2 млн. теңге;
Астана қаласының 29 аула клубын ұстауға 212,9 млн. теңге яғни үйірме оқытушылары мен жаттықтырушыларының еңбегіне ақы төлеу және коммуналдық қызметтер;
639,3 млн.тенге жастар саясаты саласында іс-шаралар өткізуге, яғни мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік зерттеулер жүргізуге және басқа да іс-шараларға (негіздеме: Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар; шығыстар сметасы, техникалық ерекшелігі және "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ оң экономикалық қорытындысы).
4) бюджеттік бағдарлама 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 115,7 млн. теңге құрылымдық бөлімшені материалдық-техникалық жарақтандыруға және аула клубтарының 14 үй-жайын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге (ақаулы актіні негіздеу және үй-жайларды техникалық тексерудің қорытындысы және қызметкерлерді материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған шығыстар сметасы, "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ оң экономикалық қорытындысы).
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының игерілуі 100% - ды құрады.
Бүгінгі күні басқармада көрсетілетін қызметтерді, қорларды және тауарларды сатып алу 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы", 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 ҚР "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заңдарына сәйкес техникалық талаптардың сипаттамасымен ғана жүргізіледі және goszakup.gov.kz. сайтында орналастырылады.
Талдау кезеңінде басқарма өндірісіне 135 өтініш келіп түсті, оның ішінде 34 жеке тұлғалардан, 101 заңды тұлғалардан.
Келіп түскен өтініштерге тиісті жауаптар берілді, шағым жасалмаған.
Бір мәселе бойынша қайталама өтініштер анықталған жоқ.
Барлық келіп түскен өтініштер басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін қамтитын мәліметтердің болуына зерделенеді.
Жасырын қызметтерді анықтау бағыты:
Басқармада жасырын қызметтері жоқ.
Ұсынымдар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу. Сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттар жасайтын қарама-қайшылықтарды, коллизияларды жою мәніне Басқарма қызметі саласындағы заңнамаға талдау жүргізу.
|
Комиссия төрағасы |
|
______________ |
К. Камбаров |
|
Комиссия мүшелері: |
|
______________ |
К. Курманбекова
|
|
|
|
______________ |
О. Байтук |
|
Комиссия хатшысы: |
|
______________ |
Ж. Жакупова
|