Қазақстанның болашағы қазақстандық жастардың даму деңгейімен, құндылық бағдарларымен, экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысу дәрежесімен байланысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап білім беру, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қол жеткізу, кәсіби және жеке бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақты сәтті әлеуметтендіру мәселелері біздің мемлекет басшылығының басты назарында болып қала береді. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамашылық еткен "Қазақстан – 2050" Стратегиясының негізгі мақсаттарына жатады.
Мемлекет жүргізіп отырған жастар саясаты біздің қоғам өмірінде тұрақтандырушы рөл атқарады, бұл жастардың қоғам өмірінің түрлі салаларына қатысуын қамтамасыз ете отырып, жастардың өмірлік басындағы қиындықтарды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік белсенді жастардың бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке кіруге және одан әрі жылжуға, өз бетінше білім алумен, бизнеспен, ғылыммен, спортпен, шығармашылықпен және басқа да көптеген қызмет түрлерімен айналысуға нақты мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, жастардың бір бөлігін сәтті әлеуметтендіруге кедергі келтіретін бірқатар мәселелер бар. Оларға сапалы білім алу, жастарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік, психологиялық мәселелер, бос уақытты сапалы өткізу мәселелері және т.б. жатады.
Жастар саясатын іске асыру кезінде мәселелерді уақтылы және объективті анықтау мақсатында жастар ортасында жүйелі түрде мониторинг және талдау жүргізу қажет.