Жастар ұйымы үкіметтік емес ұйым болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласында 70-тен астам жастар ұйымдары тіркелген. Олардың ішінде 30-ға жуығы белсенді жұмыс істейді. Олардың қатарында республикалық жастар ұйымдарының орталықтары, филиалдары және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бар.
Жастар ұйымдары орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенді қызмет атқаруда. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынан жастар ұйымдарымен өзара қарым-қатынас орнату мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде кешенді іс-шаралар жүргізілуде және жобалардың тиімді жүзеге асырылуына баса назар аударылады.
Жастар ұйымдарының қызметі жастарды дамытуға, олардың өзін-өзі көрсетуіне, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жастардың әлеуметтік, мәдени, білім алу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, жастар өкілдері оның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.
Жастар ұйымдары:
1) мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға;
2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне;
3) республикалық және өңірлік жастар форумдарының жұмысына;
4) жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысуға құқылы.
Нұр-сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы құрылымында жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі жұмыс жасайды. Жастар ұйымдарының қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:8 (7172) 55-66-26.