«Нұр-Сұлтан қаласы жастарының төлқұжаты - 2020» статистикалық жинағы.
«Нұр-Сұлтан қаласы жастарының төлқұжаты - 2020» статистикалық жинағын «Тұрар» гуманитарлық және әлеуметтік зерттеулер орталығы «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің тапсырысы бойынша дайындады.
Төлқұжат мемлекеттік органдарға, жастар ресурстық орталықтарына, білім беру ұйымдарына, үкіметтік емес ұйымдарға және өзге де жастар саясаты институттарына арналған.
Төлқұжатта Қазақстандағы жас тұрғындардың демографиялық сипаттамасы, денсаулық жағдайы, білім алуы, еңбек нарығындағы жағдайы, құқық бұзушылығы, инфрақұрылымы және қоғамдық-саяси қызметі көрсетілген негізгі статистикалық көрсеткіштер келтірілген. Төлқұжат «Институт комплексных социальных исследований - Астана» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» жеке қоры жүргізген әлеуметтанулық зерттеулер нәтижесі бойынша талдамалық есепті және 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасына арнайы дайындалған талдамалық мәліметтерді қамтиды. Төлқұжатты дайындау барысында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің және «Отбасы Банк» АҚ-ның деректері қолданылды.