Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыспен орналастыру және кәсіптік бағдар беру

«Астана жастары» КММ жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бөлімі жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді. Егер сіз жұмыс іздесеңіз, түйіндемеңізді job.astana.kz@mail.ru электрондық поштасына жіберіңіз.

Бос орындар туралы ақпаратты біздің  парақшалардан таба аласыз:
https://vk.com/jobastanakz
https://www.instagram.com/job_astana_jastary/
https://www.facebook.com/jastar.job/ 

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмысқа орналасуға және кәсіптік бағдар беруге көмектесу мақсатында жастарға арналған «TIME TO CHANGE» жобасы негізінде жастар үшін «Жастардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебі» жобасы негізінде тренингтер өткізіледі.

Шілде айынан бастап жастарға арналған апта сайынғы онлайн курстары өткізілуде, оның мақсаты жұмысқа орналасудағы ішкі кедергілерді жеңу, сұхбаттасу барысында қарым-қатынас дағдылары мен өзін-өзі таныстыру, кәсіпкерлік негіздері бойынша тренингтер және басқа да тақырыптар болып табылады. Әр тренингтің соңында сертификаттар беріледі.

Әр тоқсан сайын  білім беру ұйымдарының түлектері, сонымен қатар жұмыс іздейтін жастар үшін Бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңкенің мәні: үміткерлер үшін - лайықты жұмыс орнын табу мүмкіндігі, ұйым өкілдері үшін - білікті мамандарды таңдау мүмкіндігі.

Жәрмеңкелерде жұмыс беруші ретінде «Rocket Project», «Самұрық-Қазына» корпоративті университеті, «Нұрбанк» АҚ, «Цесна Астық концерні» ЖШС, «Солакс» қонақ үй менеджмент компаниясы» АҚ, «ЦентрКредит Банкі» АҚ,«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және басқа да ұйымдар қатысады.

Маргиналды жастарды әлеуметтік белсенділікке тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жастар үшін консультациялық кездесулер өткізіледі.

Бұл іс-шаралардың мақсаты азаматтарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру, жастарға қолдау көрсету және қала тұрғындарына нақты мәселелер бойынша кеңестер беру болып табылады.

Мейкатон «TOM: Nur-Sultan» әлеуметтік жобасы - 72 сағаттық марафон өткізілуде, онда өнертапқыштар, жасаушылар, инженерлер мен дәрігерлер (мейкеры - makers) мүгедектердің өмірін жеңілдететін құрылғыларды жасайды (нидноуэры – need knowers).

Жұмысқа қатысты мәселелер бойынша «Астана жастары» КММ  мекен-жайы бойынша хабарласыңыз: Астана қаласы, Сарыарқа көшесі 13, 4 қабат, 407 кабинет.

Документы
Новости
Полезные материалы
Жұмыспен орналастыру және кәсіптік бағдар беру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Астана жастары" ЖРО" КММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы