GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Астана қаласы тұрғындарының назарына Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға кеткен шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Астана қаласы тұрғындарының назарына Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға кеткен шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аталған әлеуметтік көмек мүгедектігі бар баланың үйде оқытылатыны туралы білім беру ұйымының анықтамасы және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде әр тоқсан сайын 10 АЕК мөлшерінде тағайындалады. Уәкілетті органға өтініш беруші үйде оқытуға кеткен шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге болады;

Порталға жүгіну үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш сұрау салу;
  • дәрігерлік-консультациялық комиссиясы қорытындысының электрондық көшірмесі;
  • мүгедектігі бар баланың оқу орнынан үйде оқитындығын растау жөнінде анықтаманың электрондық көшірмесі;

 

Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының  «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Анықтама үшін телефондар:

«Алматы» ауданы 8 (7172) 55-01-74,

«Байқоңыр» ауданы  8(7172) 55-72-32,  

«Есіл» ауданы 8(7172) 55-74-50,

«Сарыарқа» ауданы 8(7172) 55-14-87,

«Нұра» ауданы  8(7172) 55-68-40,

«Сарайшық» ауданы  8(7172) 55-68-22.

 

12 октября 2026
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Астана қаласында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үйі тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеу құны отбасының жалпы табысының 5 пайызынан асатын болса тұрғын үй көмегі тағайындалатыны хабарлайды.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Астана қаласында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үйі тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеу құны отбасының жалпы табысының 5 пайызынан асатын болса тұрғын үй көмегі тағайындалатыны хабарлайды.

         Өтініштерді қабылдау және осы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (ХҚО) немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы әр тоқсан сайын тапсыруға болады.

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Өтініш;
  • барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының табысын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • айналымдағы тоқсанның алдындағы тоқсандағы коммуналдық төлемдердің көшірмелері;
  • банктік шоттың көшірмесі;
Халықты әлеуметтік қорғау
07 октября 2026
Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған Қағиданың 5-тарауы 29-тармағының 2) тармақшасы негізінде уақытша болу ұйымдары келесі түрде құрылады: 2) дағдарыс орталықтары, әлеуметтік көмек орталығы, адам саудасының құрбандарына және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана.

Уақытша болу қызметінің негізгі мақсаты отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға жан жақты қолдау көрсету болып табылады. Аталған қолдау психологиялық оңалту жүргізуді, зомбылықтың жағымсыз салдарын алдын алуды, сондай-ақ заң көмегін көрсетуді қамтиды. Заңгерлік сүйемелдеу тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу кезегіне тұру, балабақшаға орналастыру, некені бұзу және алимент өндіріп алу мәселелері бойынша консультация беруді және жәрдем көрсетуді қамтиды.

Уақытша болу орталығы қызмет алушыларға қауіпсіз тұру жағдайларын, жайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.

Уақытша болу орталығына азаматтар өз өтініші бойынша (оның ішінде «102» қызметіне хабарласқанда), сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасымен қабылданады. Болу мерзімі 1 айдан             6 айға дейін құрайды.

Қызмет алушылар келгеннен кейін 72 сағаттың ішінде медициналық тексеруден өтеді және медициналық бақылаудан өтуі кезінде карантин бөлмесіне (мамандар изолятор деп атайтын уақытша болу бөлмесі) орналастырылады.

Жолдама алғаннан кейін Дағдарыс орталығы қызмет алушымен шарт жасайды және ішкі құжаттар толтырылады.

Орталықта тәулік бойы сенім телефондары: 25-32-62, 8-700-125-32-62 қызмет көрсетеді.

28 сентября 2026
2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының “Ашық бюджеттер” порталында орналастырылуы туралы пресс-релизі

2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының “Ашық бюджеттер” порталында орналастырылуы туралы пресс-релизі

 

«Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттары орналастырылғанын хабарлайды.

Құжаттармен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

001 «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363715

333 002 «Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жалпы үлгідегі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363917

003 «Жұмысқа орналастыру бағдарламасы»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363936

004 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363735

007 «Тұрғын үй көмегін көрсету»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363762

008 «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» : https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363778

009 «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364293

015 «Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту қабілеті шектеулі адамдарға ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363795

016 «Белгіленген тұрақты мекен-жайы жоқ адамдардың әлеуметтік бейімделуі»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364312

018 «Қарттар, мүгедектігі бар азаматтар және мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету» : https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364325

19 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды үкіметтік емес ұйымдарда орналастыру»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4363814

020 «Жүйке-психикалық аурулары бар мүгедектерге, нейропсихиатриялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364358

022 «Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арнайы әлеуметтік қызметтерді балалар психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарында), арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында көрсету»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364376

028 «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған тәуекел топтарындағы адамдарға қызметтер көрсету»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364388

030 бағдарлама «Жұмысқа орналастыру орталықтарының қызметін қамтамасыз ету»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364402

032 «Бағынышты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың капиталдық шығыстары» :  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364417

034 «Жергілікті атқарушы органдар төлейтін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналар бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364425

045 «Қазақстан Республикасы бойынша мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру» :  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364434

053 «Кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессорларын ауыстыру және реттеу қызметтері»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364443

062 «Біліктілік жүйесін дамыту»  бағдарламасы:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364454

064 бағдарлама «Еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз ету»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364464

076 «Әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364484

077 «Әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364491

078 «Әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»:  https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4364498

 

 

 

 

17 сентября 2026
Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз   ету тәртібі

Мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар Астана қаласы Кравцова 18 мекен-жайында орналасқан Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің медико-әлеуметтік сараптау  бөлімімен әзірлеген  мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ)  сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Протездік-ортопедиялық көмек АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ТIРКЕЛГЕН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларға ұсынылады.

Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері АОЖБ әлеуметтік бөлігіне сәйкес тұрғылықты жері бойынша өтініш береді

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары (Халыққа

қызмет көрсету орталығы)арқылы;

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (egov.kz).

Нұсқау: (www.egov.kz ----  Әлеуметтік қамтамасыз ету ---- Мүгедектігі бар

адамдарды қолдау ---- Мүгедектігі бар адамдарды  протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу ---- Онлайн сұрау)

📌 МАҢЫЗДЫ!

 Протездік-ортопедиялық көмек алу үшін өтініш берген кезде, заңнамамен белгіленген ауыстыру мерзімдерін ескеру қажет.

            Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады (http://aleumet.egov.kz).

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН Астана қ., Бейбітшілік көш., 9 мекенжайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Тел: +7 (7172) 55-69-90

10 сентября 2026
«Халық заңгері» акциясы

«Нұра» ауданының прокуратурасымен елорданың мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының қатысуымен «Халық заңгері» акциясын өткізу жоспарлануда. Акция 11.09.2026ж. сағат 16:00-де «Хан шатыр» сауда орталығында (Туран данғылы 37) өткізілу жоспарлануда.

09 сентября 2026
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру негіздері бойынша әлеуметтік көмек

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен     (бұдан әрі – Басқарма), Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 03 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 33-тармағына сәйкес, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілу негізі бойынша әлеуметтік көмек мынадай мөлшерлерде ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:

- дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге – жалғыз болып табылатын тұрғын үйіне залал келтірілген жағдайда, бір отбасына 400 айлық есептік көрсеткіш;

- өрт салдарынан зардап шеккендерге - жалғыз болып табылатын тұрғын үйіне залал келтірілген жағдайда, бір отбасына 400 айлық есептік көрсеткіш;

- өрт салдарынан отбасы мүшелерінің қаза болу жағдайы орын алған кезде – әрбір қайтыс болған адамға 150 айлық есептік көрсеткіш.

Әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген әрі тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.

            Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек алу үшін www.egov.kz (Электрондық үкімет) веб-порталы  арқылы немесе Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 үйде орналасқан  Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төмендегі құжаттарды қосып өтініш ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) дүлей зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;

      3) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат;

       4) жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің өтініш берушіге тиесілі екенін растайтын құжаттар:

      меншік құқығында тиесілі тұрғын үй үшін – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама және құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

      өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тұрғын үй үшін – меншік иесі тарапынан тұрғын үйді күтіп-ұстау міндеті белгіленген тұрғын үйде тұру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және онымен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар – адам өлімі болған жағдайда.

            Ереженің 36-тармағына сәйкес Басқарма табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап төрт айдан кешіктірмей әлеуметтік көмек алуға келіп түскен өтініштерді қарайды.

 

Толық кенес алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

Алматы ауданы бойынша: 55-01-74;

Байқоңыр ауданы бойынша: 55-72-32;

Есіл ауданы бойынша: 55-74-50;

Сарыарқа ауданы бойынша: 55-14-87;

Нұра ауданы бойынша: 55-68-40;

Сарайшық ауданы бойынша: 55-68-22.

03 сентября 2026
Міндетті арнайы  жүріп-тұру  құралдарымен қамтамасыз   ету тәртібі

Мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар Астана қаласы Кравцова 18 мекен-жайында орналасқан Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің медико-әлеуметтік сараптау  бөлімімен әзірлеген (байланыс нөмірі: 24-82-61, 24-82-73, 24-82-77) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ)  сәйкес міндетті арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз етіледі.

Міндетті анайы жүріп-тұру құралдары АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ТIРКЕЛГЕН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларға ұсынылады.

Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері АОЖБ әлеуметтік бөлігіне сәйкес тұрғылықты жері бойынша өтініш береді

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары (Халыққа

қызмет көрсету орталығы)арқылы;

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (egov.kz).

Нұсқау: (www.egov.kz ----  Әлеуметтік қамтамасыз ету ---- Мүгедектігі бар

адамдарды қолдау ---- Мүгедектігі бар адамдарды  арнайы  жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу ---- Онлайн сұрау)

📌 МАҢЫЗДЫ!

 Арнайы жүріп-тұру құралдарын (кресло-арба) алу үшін өтініш берген кезде , заңнамамен белгіленген ауыстыру мерзімдерін ескеру қажет.

            Арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамассыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады (http://aleumet.egov.kz).

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН Астана қ., Бейбітшілік көш., 9 мекенжайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Тел: +7 (7172) 55-69-90

03 сентября 2026
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу"

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, қорғаншылық және қамқоршылық, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгіленеді.

Әрекетке қабілетсіз адамдарға қорғаншылықты белгілеу жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады. Қорғаншының өкілеттіктерін растау мақсатында Басқарма басшысының бұйрығы беріледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Мемлекеттік корпорация;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы.

Өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі;

4) неке қию немесе бұзу туралы куәлік;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда);

6) «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;

7) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).

Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды.

Толығырақ ақпарат алу үшін Басқармаға мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 128 кабинет, байланыс телефоны: 55-67-97.

27 августа 2026
Қызметтік әдепті сақтау - баршаға ортақ кәсіби міндет

#адгсастана
#адгс
#адалазамат

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы